Бұл күлетін нәрсе емес – Арман Дүйсенов ұрланған әндер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұл күлетін нәрсе емес – Арман Дүйсенов ұрланған әндер туралы

Бұл күлетін нәрсе емес – Арман Дүйсенов ұрланған әндер туралы

Белгілі әнші-сазгер Арман Дүйсенов әзіл-сықақ бағдарламасына қатысты. Ал бағдарлама жүргізушілері оған танымал әндерді тыңдатып, қандай шығарма екенін, кім орындайтынын сұрады. Сазгер бұлардың бәрі шетелден ұрланғанын біліп, басын шайқаумен болды.

  • 7 Қараша 2016
  • 3939
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады. 

«Бұл мәселеге саналы адамның жылағысы келеді екен.Әзілге толы бағдарлама болғаннан кейін, әрине, күлеміз. Бірақ бір шетінен мұңайып тұрған да жайым бар. Мен мұндай екенін білген жоқпын. Директор болып кеткеніме біраз болды ғой (А.Дүйсенов — қазір "Гүлдер" ансамблінің директоры — ред.)" деді сазгер. 

Ал оған жүргізуші Марат Оралғазин: "Біз сізді бекерге шақырған жоқпыз. Директорлықты қойып, студияға қайтыңыз. Сазгерлікті қайта бастау керек" деп әзілдеді. 

Дүйсенов оған былау деп жауап қатты: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» дейді. Директорлықты дәл қазір қойып кетемін деп айта алмаймын. Белгілі бір жоспарланған жұмыстарды атқарып, тәуелсіздігімздің 25 жылдығына орай әдемі бір концерт өткізіп, қазақ мәдениетінің алтын бесігіндей болған арайлы Алматымыздың мың жылдығына арналған концертімізді аяқтап барып, мен сіздің ұсынысыңызды міндетті түрде орындаймын. Өйткені ол менің азаматтық позицияма да байланысты".

Оралғазин: "Сондықтан, аға, «Гүлдерді» қойып, әндерге кіріссеңізші".


Дүйсенов: "Негізі, менің синтездерге әртүрлі сабақтастыруға еш қарсылығым жоқ. Өйткені бұл — жаһандануға келе жатқан әлемнің өнері. Бірақ қазақта тамаша сазгерлер жоқ емес, бар. Және оларды міндетті түрде тірілту керек. Әсіресе, халық әндерін… Кезінде аталарамыз алғаш операны халық әндерінің негізінде жазған. Бұл бағдарлама ән саласында жүрген барлық бауырларымызға құлаққағыс болатын шығар деп ойлаймын… Жігіттер, болмайды!"