Карина Абдуллина жұмбақ жанды тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карина Абдуллина жұмбақ жанды тапты

Карина Абдуллина жұмбақ жанды тапты

Осыдан бірнеше күн бұрын танымал әнші Карина Абдуллина өзінің Facebook парақшасында бір жігітті іздейтінін айтқан болатын.

  • 22 Тамыз 2016
  • 7239
Фото - Caravan.kz

“Бүгін “Ритц Палас” жанындағы жанармай бекеттерінің бірінде жас жігітпен көзіміз түйісіп қалды. Ол маған қадалып қарап тұрды, мен де көзімді алмай ұзақ қарадым. Кезек көп болған соң орынды босатуым керек болып асығыс жүріп кеттім. Бірақ сол сәт есімнен кетер емес. Жігіт! Фейсбук желісінде бар болсаң, маған жекеге жаз. Сенің көзіңнен өзім іздеген дүниелерді таптым”, – деп жазған еді Карина Абдуллина.

Caravan.kz медиа-порталының тілшісі бұл хикаяның немен аяқталғанын анықтады.

— Шынымды айтсам, менің жазбам осыншалықты қызығушылық тудырып, көпшіліктің қолдауына ие боламын деп күткен жоқпын, дейді Карина.  — Танымал әнші болып, халықтың алдында жүргендіктен елдің маған деген көзқарасына үйренгенмін. Бірақ бұл көзқарас мүлдем ерекше болды.  Сол себепті де үйге келген бойда, осы жазбаны жазып шығардым. Маған қаншама жігіттің хат жазғанын білсеңіздер ғой! Кездесуге шақырып, тіпті ұсыныс жасаған жүзге жуық хабарлама келді. Оларды жазған барлық жігітке алғысымды айтамын. Алайда солардың ішінен өзім іздеп жүрген жігіттің хабарламасын тауып алдым. Несін жасырайын, қуаныштан төбем көкке жетті.  

— Сізді өз көзқарасымен баурап алған жігіт кім болды екен? Отбасын құрған ба?

— Жоқ, бойдақ. Өте сымбатты жігіт. Заң қызметкері. Жақынырақ таныса келе, оның өте білімді, ақылды адам екеніне көзім жетті. Өлең шығарады, ән айтады, тіпті аздап гитарада да ойнайды. Сонымен қатар, «Мюзикола» тобының шығармашылығын сүйіп тыңдап, құрметпен қарайтыны мені қуантты.

— Ол бақытты жанның есімі кім?

— Бұл құпия.

Соңғы жаңалықтар