«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

«Нұр-Мұқасан» дуэті тарап кетті

Қазақстан эстрадасындағы алғашқы топтардың бірі «Нұр-Мұқасан» дуэті ақыры тарап тынды. Топ әншісі Мұқасан Шахзадаев қазіргі таңда Нұрлан Қонысбаевтың қайда және немен айналысып жүргенінен бейхабар екенін мәлімдеді.

  • 28 Қараша 2016
  • 2154
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы «Астана» телеарнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

«Нұрлан қазір өз шығармашылығымен, мен өз шығармашылығыммен айналысып жатырмын. Бұған дейін де айтылған болатын. Бұл тек Нұрлан екеуміздің арамыздағы әңгіме. Оны жарнамалағым келмейді. 26 жылдың ішінде бір-бірімізді кешірмейтіндей жағдай болған емес, десе де кішігірім түсініспеушіліктер болды. Бір жағы 26 жыл қатты кетпей, шыдап келген сияқтымыз. Қазір Нұрлан жайлы ештеңе айта алмаймын. Бейхабармын. Тосын-сый әзірлеп жатқан шығар, бір күні жарқ етіп шыға келуі де мүмкін. Ол өзі тосын-сый жасағанды жақсы көретін адам», – деді Мұқасан Шахзадаев.

Соңғы жаңалықтар