Қазақтың бұлбұл әншісі Мақпал Жүнісова сахнада құлап қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтың бұлбұл әншісі Мақпал Жүнісова сахнада құлап қалды

Қазақтың бұлбұл әншісі Мақпал Жүнісова сахнада құлап қалды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова үлкен сахнада ән айтып тұрып, сүрініп құлады.

  • 2 Желтоқсан 2016
  • 16397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Әншінің өзі «Киелі сахнада аяқ астынан құлап қалдым. Құдай оңдап орнымнан жеңіл тұрдым, Аллаға шүкір!»,- деп жазды әлеуметтік желіде. Дегенмен, Мақпал еш саспастан орнында отырып, аяқ-киімін шешіп тастап, ән айтуды жалғастыра берді.Тіпті әдемі би көрсетіп жіберді.

Оқиғаның қашан және қай концертте болғаны белгісіз. Көрермендер болса халықтың ерке әншісіне не істесе де жарасатынын жарыса жазған. Көпшілік әншіге «ең бастысы биік тағыңыздан құламаңыз! Денсаулығыңыз мықты болсын!», деп тілектестік білдіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар