30 жастағы азамат несиесіне бола бүйрегін сатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
30 жастағы азамат несиесіне бола бүйрегін сатпақ

30 жастағы азамат несиесіне бола бүйрегін сатпақ

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Он екі мүшесі сау Сергей өзінің бір жақ бүйрегін 30 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Пышаққа түсіп, ағзасының бір мүшесін алып беруге апталдай азаматты мұқтаждық итермелепті. Несиелерін жабу үшін қарызға белшесінен батқан 30 жастағы Сергей “өзегімді сатпасқа өзге амалым жоқ”, – дейді.

“Осындай қадамға барғаны

  • 24 Тамыз 2016
  • 533
Фото - Caravan.kz

Он екі мүшесі сау Сергей өзінің бір жақ бүйрегін 30 мың АҚШ долларына бағалап отыр. Пышаққа түсіп, ағзасының бір мүшесін алып беруге апталдай азаматты мұқтаждық итермелепті. Несиелерін жабу үшін қарызға белшесінен батқан 30 жастағы Сергей “өзегімді сатпасқа өзге амалым жоқ”, – дейді.

“Осындай қадамға барғаным заңсыз екенін білем. Бірақ маған ақша қазір аса қажет. Екі бүйрегім де сау. Өмірімде темекі тартып көрген емеспін”, – дейді Қарағанды қаласының тұрғыны Сергей Орлов.

Бүйрек, бауыр, жүрек сатамын! Ғаламторда осындай жарнамалардың саны екі мыңнан асады. Ағза мүшелерін сататындардың жасы әртүрлі. Басым бөлігі жас жігіттер мен қыздар. Бүйрекке сұраған құны 30 мыңнан 100 мың долларға дейін барады. Ал дәрігерлер, Қарағандыда, әсіресе, бүйрек мүшесінің үлкен сұранысқа ие екенін айтады. Өйткені қазір мәйіттік донорлардың ағзасы тапшы. Сондықтан көп жағдайда бүйрек, бауыр трансплантациясына науқастардың туыстары донор болады екен.


“Біздің гемодиализ орталығына қоңырау шалып, өз дене мүшелерін ұсынғандар көп. Бірақ оның заңсыз екенін біліп, біз ұсыныстардан бас тартамыз. Донор ретінде мерт болғандарды қарастырамыз, – дейді Гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі Салтанат Сариева.

Ағзаларын мүшелеп сату дінге де қайшы. Имамдардың сөзінше, дене мүшелерін тек өлім аузында жатқан адамдарға беруге рұқсат. Оның өзінде тегін болуы тиіс. “Өліп бара жатқан адам және де донор болатын адамның анық қайтыс болғаны белгілі болғаннан кейін осындай әрекетке ислам діні жол береді”, – дейді Наиб имам Серік Құрманов.

Қазір Қарағанды облысы бойынша бүйрек ауыстыру кезегінде 300 адам тұр. Олардың көбі қан айналымын гемодиализ орталығында жасанды аппарат арқылы күшейтеді. Ал дене мүшелерін жасырын сататын жандар заңмен жазаланады екен. Оларды 7-ден 10 жылға дейін  бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Соңғы жаңалықтар