Алматы мен Астана әуежайлары транзиттік терминалға айналуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы мен Астана әуежайлары транзиттік терминалға айналуда

Алматы мен Астана әуежайлары транзиттік терминалға айналуда

Алматы мен Астана әуежайлары транзиттік терминалға айналуда. Бұл туралы бүгін ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Берік Камалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 26 Қазан 2016
  • 596
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі күні әуе қатынасы транзитін дамытуда өте жақсы тенденция байқалады. Оңтүстік-Шығыс Азиядан, яғни, Қытай мен Кореядан (туристердің)  Алматы мен Астана арқылы Еуропа елдеріне, оның ішінде Париж, Лондонға ұшулар жиілей түсті. Бүгінде біздің әуежайларымыздың транзиттік терминалдарға айнала бастауы қуантады», — деді вице-министр.

Сонымен қатар Қамалиев ҚР Президентінің Астана мен халықаралық қаржы орталықтары арасында әуе қатынастарын жолға қою тапсырмасы бар екендігін атап өтті.

«Бүгінгі күні Франкфурт, Лондон, Дубай, Гонгконг, Сеул халықаралық қаржы орталықтарымен және Париж, Әбу-Даби, Бейжің сынды қалалармен  тікелей әуе байланысы орнатылған. Біз бұл жұмыстарды жалғастыратын боламыз. Таяу уақытта Токио, Сингапур, Шанхай, ал 2020 жылы Нью-Йоркпен әуе байланысын жолға қою келіссөздері жүргізілуде», — деді ол.


Соңғы жаңалықтар