Алматыда банктердің кей бөлімшелері, сауда орталықтары мен кинотеатрлар жабық - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда банктердің кей бөлімшелері, сауда орталықтары мен кинотеатрлар жабық

Алматыда банктердің кей бөлімшелері, сауда орталықтары мен кинотеатрлар жабық

Алматыда  террористік қауіптің қызыл деңгейінің енгізілгеніне байланысты екінші деңгейлі банктердің кей бөлімшелері, сауда орталықтары мен кинотеатрлар жабылды. 

  • 18 Шiлде 2016
  • 534
Фото - Caravan.kz

Kaspi Bank хабарлағандай, Алматыда  клиенттер мен қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін барлық бөлімшелер жабық.  Сонымен қатар, «Астана Банкінің» кей бөлімшелері уақытша жабылды, карталарды жеткізу уақытша тоқтатылды.  «Қазкоммерцбанктің» әл-Фараби көшесіндегі бас кеңсесінен басқа барлық бөлімшелері кешке дейін жабық болады. Сондай-ақ,  «Халық банкі» АҚ барлық бөлімшелері жабық. 

Қалада  «Мега Центр», «Есентай молл» сауда орталықтары, Dostyk Plaza СОСО, «Алмалы» СОСО, Silk Way СО, «Технодом» дүкенінің барлық желілері, қала орталығындағы кинотеатрлар жабық. Азық-түлік дүкендері, кей валюта айырбастау орындары жабық.

Бүгін Алматыда белгісіз біреулер қаланың бірнеше ауданында оқ ата бастады. Полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Қалалық ІІД ақпаратынша,  полицейлер арасында қаза тапқандар бар. Шабуыл жасағандардың бірі ұсталды. Біреуі іздестірілуде. Қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланды.