Алматыда көпқабатты үйдің сыртындағы өрнек емес, Алланы ұлықтаған жазба болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда көпқабатты үйдің сыртындағы өрнек емес, Алланы ұлықтаған жазба болып шықты

Алматыда көпқабатты үйдің сыртындағы өрнек емес, Алланы ұлықтаған жазба болып шықты

Алматылық Асылбек Орынбасаров Райымбек даңғылы бойындағы 101 үйдің сыртындағы безендіру мақсатында қолданылған өрнектен, арап әріптерімен жазылған Аллаға мадақ айтылған сөздерді анықтады.

  • 25 Шiлде 2016
  • 4122
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы белсенді өзінің  Facebook желісіндегі парақшасында жазған, деп хабарлайды stan.kz.

«Бала кезімнен Райымбек даңғылы бойында орналасқан 101 үйдің сыртқы өрнектелуіне  аса қызығушылықпен қарайтынмын. Мен іштей “бұл неге ерекше, өзге үйлердің сыртқы безендіруіне мүлде құсамайтын себебі неде” деген ойға қалатынмын. Араға көп жылдар салып араб тілінің әріптерімен танысқаннан кейін мұның ешқандай да өрнек емес, жазба екенін түсіндім. Нақтырақ айтар болсам онда («Тамхид») бір Аллаға  мадақ айтылған»,-деп жазған ол.

Желі қолданушысы Асылбек Орынбасаровтың  жазбасына орай  кезінде Алматының тура осы көшесі атеисттер елінің құрамындағы орталық даңғылдардың бірі болғанын айтып өткен.


үййййй

«Ол жерден  «Аль Хамдулилла», « Аллаху акбар», Субхан Аллах», «Рахим» сөздерін анық оқуға болады. Бұл жазба арабтың көне  «куфи мурабба» стильнде жазылған»,-деген өз жазбасында алматылық.

Асылбек Орынбасаров  «мұны кеңес үкіметіндегілер мұсылман дініндегі жиі қолданылатын сөздер екенін білмеген. Тек шығыс стиліндегі өрнек деп түсінген болуы мүмкін»,-деп болжайды.

 

Соңғы жаңалықтар