Алматы қаласы аумағында террорлық қауіптің «қызыл» деңгейі енгізілді.Бұл туралы Алматы қалалық ІІД сілтеме жасай отырып Caravan.kz тілшісі хабарлайды.
Осы себепті полиция барлық қала тұрғындары мен қонақтарды аталған деңгей бойынша талаптарды мүлтіксіз орындауға шақырады. Ал террорлық деңгейдің "қызыл" деңгейі қанша уақытқа дейін созылатыны белгісіз.
Бұған дейін Алматы көшелерінде атыс болғаны хабарланды. Белгісіз адам атыс қаруымен оқ атқан. Қазір Алмалы ауданының Ішкі істер басқармасы аумағы қоршауға алынды. Қаланың бірнеше аумақтарындаатыстар естілген. Куәгерлердің хабарлауынша, Белгісіз адам көшеде автоматпен жүгіріп жүріп оқ атқан.
Қазір оқиға орнында тәртіп сақшылары және жедел жәрдем машиналары бар.