Бұған қоса бір бейбіт тұрғын оққа ұшты. Бұл туралы еліміздің ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Caravan.kz хабарлайды.
Із кесу шарасы кезінде қылмыскерлер ұрлап алған қарумен «Боран» экипажының екі қызметкерін жаралаған. Із суытпақ болған олар Казахконцерт аумағы маңында тағы екі тәртіп сақшысын жарақаттап, өзі қолға түсті.
Қарулы қылмыскерлер қала тұрғынының бірінің көлігін тартып алуға әрекеттенген. Салдарынан көлік иесі оққа ұшып, мерт болды.
Бұған қоса жарақат алған үш полиция қызметкері ауруханада көз жұмды.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда қолға түскен күдікті 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны. Оған қатысты өткен демалыс күндері тағы бір әйелді өлтірді деген күдік бар.