Алматыдағы қырғында депутаттың бауыры қаза тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы қырғында депутаттың бауыры қаза тапқан

Алматыдағы қырғында депутаттың бауыры қаза тапқан

 

  • 18 Шiлде 2016
  • 810
Фото - Caravan.kz

Оқиға барысынан Abai.kz ақпараттық порталының тілішісі мына жайттарды хабарлады, деп жазады Abai.kz:

Абылай хан мен Төле би көшелерінің қиылысында атыс болды. Екі полиция қызметкері оққа ұшты. Полицейлерге оқ атқан бір бүлікші ауыр жарақат алып қолға түсті. Енді атыс Мақатаев пен Сейфуллин көшесінде жалғасуда.

Алматы қалалық шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасына қазір жараланған 5-6 адамды алып келді. Ауруханаға Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, Мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова келді. Қасында бір топ адам бар. Аманжолова дауыс салып жылады.

Біздің тілшіміз Мәжіліс депутатының інісі қайтыс болғанын ол кісінің өзінен сұрап білді. Зәуреш Аманжолова Алматы қалалық шұғыл жедел көмек көрсету ауруханасынадағы 5 ота жасау бөлімінің бос еместігін, осы жаңа ғана екі полиция қызмтекерінің жан тапсырғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар