«Алматы-Шу» теміржол желісі іске қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-Шу» теміржол желісі іске қосылды

«Алматы-Шу» теміржол желісі іске қосылды

Елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр.

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 513
Фото - Caravan.kz

Телекөпір аясында Елбасы Индустрияландыру картасы жобаларының, оның ішінде жаңа теміржол желісінің тұсауын кесті, деп хабарлайды BNews.kz.

Бүгінгі телекөпірде «Қазақстан теміржолы» ҰК-ның Алматы мен Маңғыстау облыстарындағы бөлімшелері байланысқа шықты. ҚТЖ өкілдерінің айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Алматы-Шу» бағытында екінші жол құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, биылғы жылдың тамызында таныстырылған отандық жаңа үлгідегі кең қорапты жолаушылар вагондары сертификаттау сынағынан өтті. Бүгін олар пайдалануға дайын.

Телекөпір барысында, сонымен қатар, Құрық паром портының маңызы туралы да айтылды. Бұл жерде де теміржол мен порт инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Бүгін алғашқы жолаушылары бар «Тұлпар Тальго» теміржол составы Алматы-Шу жаңа теміржол желісімен жолға шықты, сондай-ақ, Құрық портындағы паромға да вагондар тиеліп, жүк тасымалданды.

«Алматы-Шу» жаңа теміржол желісі пойыз жүрісін екі есеге ұлғайтады. Біз мұны бұрыннан жоспарлағанбыз. Ал Құрық порты бұл Кавказ бен Еуропаға шығатын жол. Ол ел үшін, оның дамуы және индустрияландыру үшін аса қажетті жоба», — деді Елбасы.


Соңғы жаңалықтар