Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдіктіні көрген куәгер табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдіктіні көрген куәгер табылды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдіктіні көрген куәгер табылды

Ақтау полицейлері 20 тамыз күні болған қыз зорлау оқиғасына қатысты видеожазбадағы күдіктіні таныған куәгерді тапты.

  • 24 Тамыз 2016
  • 969
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД-нің бірінші орынбасары Амандық Мұқашев мәлімдеді, деп жазады Stan.kz.

Куәгер бүлдіршінді тапқан жерден Daewoo Nexia көлігі мен 35-40 жас аралығындағы ер адамды көргенін айтты. Оның айтуынша, күдікті үстіне ақ футболка мен қара шалбар киген екен.

«Біз сол жерден тағы бір күдіктіні ұстадық. Ол полицейлерді көргенде қашуға әрекеттенген. Оның шалбары қан-жоса болған. Сондықтан полицейлер оны ұстап алды. Қазір сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр. Бұл адамның қылмысқа қатысы бар деп толық сеніммен айта айлмаймын. Өйткені куәгердің өзі оқиға орнынан өзге күдіктіні көргенін айтуда», – дейді Амандық Мұқашев.


Күдіктінің фотороботы Қазақстанның барлық аумағы мен кеден қызметтерінде таратылған.

Одан бөлек теміржол вокзалы, әуежай, Өзбекстан мен Түркіменстан шекарасында полицейлер бақылау жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар