Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілттерін табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілттерін табыс етті

Әсет Исекешев Олимпиада жүлдегерлеріне пәтер мен көлік кілттерін табыс етті

Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс етті.

  • 24 Тамыз 2016
  • 504
Фото - Caravan.kz

"Қазақстанның артқан сенімін ақтадыңыздар, ел намысын қорғадыңыздар, Сіздер нағыз батырсыздар! Шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістен жеңіске жете беріңіздер! Бүгін көріп отырсыздар, қаншама xалық Сіздерді күтіп алуда. Барша ел, барша жұрт осы уақыттары өздеріңізге жанкүйерлік етті. Сіздер xалқымыздың үмітін ақтап, төртжылдықтың басты додасында абыройлы 22-орынға қол жеткіздіңіздер. Мен баршаларыңызды, Сіздердің бапкерлеріңізді, ата-аналарыңызды осынау керемет жеңістеріңізбен құттықтаймын!", — деді ол бүгін Астана әуежайында спортшыларды салтанатты қарсы алу шарасында. — Ең бастысы — Сіздер болашақ Олимпиада чемпиондары, мыңдаған баланың жүрегінде спортқа деген ынтаны жани білдіңіздер! Осының барлығы Мемлекет басшысының дені сау, спорттық ұлтты қалыптастыру бағытындағы саясаты үшін маңызды".


 

Соңғы жаңалықтар