Асқар Жұмаділдаев: Мені министрлікке ұсынып жатқанын өзім естімедім - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Асқар Жұмаділдаев: Мені министрлікке ұсынып жатқанын өзім естімедім

Асқар Жұмаділдаев: Мені министрлікке ұсынып жатқанын өзім естімедім

Асқар Жұмаділдаевты әлеуметтік желі қолданушыларының білім және ғылым министрі етіп тағайындауды сұрағанын математиктің өзі естімепті. Бірақ ол өзіне қолдау білдіріп жатқандарға рахмет айтты.

  • 22 Қыркүйек 2016
  • 3039
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

«Мені халық талай рет талай қызметке ұсынған. Институт басқарсын, ҚазҰУ-ға ректор, Ғылым Академиясына президент болсын деді. Тіпті ел президенттігіне де ұсынды. Ал мына ұсынысты өзім естімедім» дейді академик.

А.Жұмаділдаевтың бұл туралы білмейтіндей де жөні бар. Өйткені ұялы телефон қолданбайтыны бұрыннан белгілі ол ғаламтордағы әлеуметтік желілердің де ешқайсысына тіркелмеген екен. Ал өзін Фейсбукте қолдап жатқандарға алғыс білдірді.

«Халықтың қолдау білдіргені мен үшін үлкен абырой. Оны жасырмаймын. Бірақ елдің пікірі аумалы-төкпелі екенін де ұмытпау керек. Бүгін төбесіне көтергенімен, ертең жерге тастай салуы мүмкін. Сондықтан мен бұған философиялық тұрғыдан қараймын. Қазақ «Көрмеген көлде естімеген қаздың дауысы бар» дейді. Менің ұстанымым — сол» дейді А.Жұмаділдаев.

Ал «алда-жалда осындай ұсыныс билік тарапынан болса, не істейсіз?» деген сұраққа байлагнысты академик олай бола қалатынына сенбейтінін айтты.


Естеріңізге салсақ, Фейсбук қолданушыларының бірі Жәнібек Қожық Жұмаділдаевты еліміздің білім және ғылым министрі етіп тағайындауды сұраған жазбасын жариялаған еді. Дәл қазір оған лайк қойғандардың саны 1200-ден асса, жазбаны 540-тан астам адам бөлісіпті. Сондай-ақ, «қолдаймын» деп пікір жазғандардың саны да артуда.