Астанада көлікпен адам қаққан жүргізуші белгілі айтыскер ақынның қызы болып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада көлікпен адам қаққан жүргізуші белгілі айтыскер ақынның қызы болып шықты

Астанада көлікпен адам қаққан жүргізуші белгілі айтыскер ақынның қызы болып шықты

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның 18 жастағы қызы мінген Land Rover Discovery көлігі 30 тамыз күні Бәйтерек монументі маңында ж

  • 26 Қыркүйек 2016
  • 1283
Фото - Caravan.kz

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның 18 жастағы қызы мінген Land Rover Discovery көлігі 30 тамыз күні Бәйтерек монументі маңында жаяу жүргіншіні қағып кеткен болатын. Зардап шеккен 28 жастағы Миржан Қасымғалиев әлі күнге дейін ауруханада жатыр. Оның миы шайқалып, көптеген жарақат алған, деп хабарлайды Today.kz. тілшісі.

«Жақында ағамды қаққан қыздың анасы хабарласып, өтемақы ретінде екі миллион теңге жинап қойғанын айтты. Бірақ бәрі сөз жүзінде қалды. Кездесуді ұсынды. Әйтседе, анасының сөйлеу мәнері ұнамады. Біз кездесуге қарсы емеспіз. Бірақ ұсынған ақшалары ағамның толық емделіп, қалпына келуіне жетпейді»,- деді жәбірленушінің әпкесі Мерей Ескендірова,

Оның айтуынша зардап шегушіге үш ай тұрмау керек көрінеді. Күніне бес минуттан ғана отырады. Басы айналады.


Ал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның айтуынша олар қандайда бір көмек алудан бас тартқан. Бірақ өтемақы ретінде ірі сома алуға қарсы емес екен.

"Олар көмектен бас тартып отыр. Айдана баланы қағып кеткен кезде өзі жедел жәрдем шақырды. Күнде ауруханаға келіп жүрдік. Бірақ кейін күзет қойып бізді жолатпай қойды. Жігітің отбасы 30 мың АҚШ долларын сұрап отыр. Ондай ақша бізде жоқ», — деді Айнұр Тұрсынбаева

Соңғы жаңалықтар