Астанада өтіп жатқан сотта Матаевтың жағдайы күрт нашарлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өтіп жатқан сотта Матаевтың жағдайы күрт нашарлап кетті

Астанада өтіп жатқан сотта Матаевтың жағдайы күрт нашарлап кетті

Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев судьяға өзін нашар сезініп тұрғанын айтқандықтан жедел жәрдем шақыртылған, деп хабарлады C

  • 23 Тамыз 2016
  • 484
Фото - Caravan.kz

Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев судьяға өзін нашар сезініп тұрғанын айтқандықтан жедел жәрдем шақыртылған, деп хабарлады Caravan.kz КазТАГ- қа сілтеме жасап.

«Менің қан қысымым жоғарылап тұрған.Бірақ бәрібір сот алдында түсінік беру үшін осында келдім. Сондықтан үзіліс жасап, дәрі қабылдап, екпе жасатуға рұқсат беруіңізді өтінемін»,- деді С. Матаев сот отырысында.

Судья жедел жәрдем шақырытып, 10 минутқа үзіліс жариялады.

Матаевтың қорғаушысы Андрей Петровтың айтуынша, оған дәрігерлік көмек қажет. Ол соттан дұрыс ем қабылдау үшін Матаевқа Алматы мен Астанадағы бірқатар емханаларға баруға рұқсат беруін өтінді.

Сондай-ақ қорғаушы жеке жеке өндірістегі бірқатар қылмыстық істерді бір өндіріске біріктіруді сұрады.


Еске сала кетсек, Матаевтарға қатысты сот Астананың Есіл аудандық №2 сотында өтіп жатыр. Сондай-ақ, бүгін Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаевқа тиесілі  Алматыдағы ұлттық баспасөз клубының ғимараты қиратылды. Ал С. Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ агенттігінің директоры Әсет Матаевқа сәуір айында салықтан жалтарды және бюджет ақшасын жымқырды деген айып тағылған болатын.

Соңғы жаңалықтар