Жарнамадағы өрескел қате туралы Бақыт Тушаев есімді желі қолданушысы өзінің фейсбуктегі парақшасында жазып қалдырды, деп хабарлайды Caravan.kz.
Желі қолданушысы былай депті:
Достар, Алматыдағы метроның Райымбек станциясында тұрған экспоның қазақша жарнамасы. Ұят, білдей ЭКСПО-ның жарнамасы қазақша қате жазылған. Ары өтіп бір, бері өтіп екі рет ескерту жасадық. Сөзімізді бір жерлеріне де қыстырмады. Метрополитеннің президентінің көмекшісі Айдар Қырықбаев досым, мына қателік сіздей азамат үшін үлкен сын. Тезірек түзетіп, не болмаса алып тастауларыңызды талап етемін, деп жазыпты желі қолданушысы.
Ал суретте расында да өрескел қатені көруге болады. Ал ел үшін маңызды болып отырған көрменің жарнамасына білдей бір мекеме селт етпей отыр.