Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтты

Бас прокурор рақымшылықтан кімдердің бас тартуы мүмкін екенін айтты

Тергеуде жүрген азаматтар Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне өткізілетін рақымшылыққа қарсы болуы мүмкін.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 611
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР бас прокуроры Жақып Асанов мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рақымшылықтың барлық актісі қолданылған кезде сотталушының өз келісімі керек. Сотталушы рақымшылық құқығын алғысы келе ме, жоқ па — өз еркі. (…) Рақымшылықты екі орган жүзеге асырады, біріншісі — сот (сотталушыларға қатысты) және екіншісі — тергеу органдары (тергеуде жүрген 2300 адамға қатысты). Қылмыстық қудалау органдарының шешімін прокурор бекітеді. Адам өзіне қатысты түзеу негіздерінсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатылуына келісім бере ме? Егер мұндай шешім шықса, ол өз кінәсін мойындады деген сөз. Ол сотталған адам болып есептеледі. Сондықтан көп мәселені шешу керек", — деп атап өтті Жақып Асанов.

Еске салайық, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Президенттің енгізген "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын мақұлдады.


 

Соңғы жаңалықтар