Белгілі әнші орыстілділерге "О-ға" қатысты ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші орыстілділерге "О-ға" қатысты ескерту жасады

Белгілі әнші орыстілділерге "О-ға" қатысты ескерту жасады

Белгілі әнші, Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев Фейсбуктегі парақшасына еліміздегі орыстілді азаматтарға арна

  • 22 Тамыз 2016
  • 1253
Фото - Caravan.kz

Белгілі әнші, Ақтөбе облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев Фейсбуктегі парақшасына еліміздегі орыстілді азаматтарға арналған жазбасын жариялады. Әрине, түсінікті болуы үшін орыс тілінде жазыпты.

Ол: «Бір тамаша адамның сөзін тыңдап отырмын. Бәрі жақсы. Тек қазақ сөздерінің айтылуы болмаса…» деп, аталған тілде «о» әрпі бар сөздердің әлі күніне дейін бұрмаланып айтылатынына қынжылыс білдерген.

«Түйенің еркегі — бура. Піштіргеннен кейін оны атан дейді. «Жас отан» жастар қанаты бар. Қазақша қалай жазылса, солай оқылуы керек. Ал «жас атан» десек, бүгінгі жастарымыз кім болып шығады? Олжас деген әдемі ат бар. Ол «Алжас» боп жүр. Бұған мысалдар көп… Мынаны ешқашан естен шығармаңыздар: қазақ тілінде «о» әрпі қалай жазылса, солай оқылады, оны «а-ға» айналдырмау керек!» деп сөзін қорытындылайды әнші.  


Соңғы жаңалықтар