Бұл туралы aktobetimes.kz хабарлайды.
«Баланың төрт аяғы бар. Оның дене мүшелері дамымай қалған. Сәбидің жынысын нақты айту мүмкін емес», – дейді облыстық балалар емханасынң бас дәрігері Нұрлан Қожин.
Нәресте жансақтау бөлімінде жатыр. Оның артық аяқтарын алуға әлі ерте.
Дүйсенбі күні Ақтөбенің өзге емханасында қолы мен аяқ саусақтары дұрыс бітпеген сәби өмірге келді. Алайда, дәрігерлердің айтуынша, қазір ота жасау қажеттілігі туындамаған.
Балалардың бұлай туылуының нақты себебін дөп басып айтуы қиын. Оған жүктілік кезінде анасының ауырғаны немесе экологияның ластығы себеп болуы мүмкін.