Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды

Дмитрий Баландиннің жейдесі 1,5 миллион теңгеге сатылды

Бурабайдағы қайырымдылық бәссаудасында 200 метр қашықтыққа жүзуден Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің жейдесі 1 миллион 450 мың теңгеге сатылды.

  • 27 Тамыз 2016
  • 438
Фото - Caravan.kz

Футболканы иеленген жас жігіттің есімі Гурам.

Винченцо Нибалидің Джиро д'Италияда жеңіске жеткен Джерсиі де сондай бағаға — 1 миллион 450 мың теңгеге бағаланды. Оны Дархан Қалетаев сатып алды. Д.Қалетаев Нибалидің «Астана» велокомандасындағы соңғы маусымын өткізіп жатқанын, сол себепті футболканың бірегей екенін атап өтті.

Бәссауда әлі де жалғасады. Ол биыл төртінші рет өтіп жатқан қайырымдылық веложарысынан кейін басталады. Жыл сайынғы веложарысты Олимпиада чемпионы Александр Винокуров ұйымдастыруда.


Соңғы жаңалықтар