Доңыз тұмауы елімізде дендеп барады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Доңыз тұмауы елімізде дендеп барады

Доңыз тұмауы елімізде дендеп барады

Шымкентте 37, Ал Ақтөбеде 28 адам осы ауруға шалдыққан. Олардың барлығы дер уақытында дәрігерге қаралып, аман қалыпты. Сондай-ақ Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарында да індет жұқтырғандар анықталды.

  • 23 Қаңтар 2016
  • 204
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде доңыз тұмауына шалдыққандардың барлығы ересек адамдар. Балалар арасынан Н1N1 вирусы табылмаған. Кәдімгі тұмаудан бұл аурудың белгілерінде еш айырмашылық жоқ дейді дәрігерлер. Тек доңыз тұмауы өкпе тінін тез зақымдап, ағзаға бірден жайылады екен. Алғаш рет осы індет туралы 7 жыл бұрын белгілі болған еді. Вирус шошқадан адамға жұққандықтан «доңыз тұмауы» атауы берілген. Қазір дәрігерлер жұқпалы дертті маусымдық аурулар қатарына қосыпты. Себебі кезінде дүрбелең тудырған індетке қарсы қазір вакцина табылған. Сондықтан науқастар саны артқанымен, мекемелерде карантин жариялаудың қажеті болмады.

Гүлжанат Бұхарбаева, Ақтөбе облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бөлім басшысы:

-Егер бақылау деңгейінен 1,5 есеге өсетін болса тұмау ауруларының, жедел вирустық инфекциялардың онда карантинге жабылады ұйымдасқан ұйымдар. Қазір бізде карантинге жабылған ұжымдар жоқ.

Соңғы жаңалықтар