Елімізде АИТВ вирусын жұқтырғандардың көбі қырыққа толмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде АИТВ вирусын жұқтырғандардың көбі қырыққа толмаған

Елімізде АИТВ вирусын жұқтырғандардың көбі қырыққа толмаған

Әйтсе де, дауасы жоқ дерттің алдын алу үшін отандық мамандар барын салып жатыр. Осыған орай, бүгін елордада «Адамның иммундық тапшылық вирусын болдырмауды қолдаймын» атты ауқымды шара өтті. Мамандар ірі ойын-сауық орталығының бірінде қала тұрғындарына ақыл-кеңес беріп, жедел тестіден өтуге мүмкіндік сыйлады. Сондай-ақ «АИТВ-ның алдын алуды қолдаймын» хештегімен түрлі әлеуметтік желілерде түсіндірме жүмыстары жүргізілді. «Тұрғындарды дерттің алдын алуға қарсы ақпараттық сауаттандыру жұмыстары жыл бойы жүргізіледі», - дейді ұйымдастырушылар.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 535
Фото - Caravan.kz


— Алдын алудың бірнеше бағыттары бар. Осал топтармен жұмыс істейміз. Дені сау топтармен бөлек жұмыс істейміз. Бұл кешенді жұмыс. Әр нәтиже біз үшін жетістік, дейді Астана қаласы «ЖИТС орталығы» бас дәрігерінің орынбасары Салтанат Мусина.

Соңғы жаңалықтар