Елімізде лаңкестердің жойқын шабуылының жолы кесілді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде лаңкестердің жойқын шабуылының жолы кесілді

Елімізде лаңкестердің жойқын шабуылының жолы кесілді

ҰҚК елімізде жоспарланған терактілер сериясының жолын кесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан Республикасы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

  • 23 Тамыз 2016
  • 395
Фото - Caravan.kz

Арнайы операция 2016 жылғы 18 тамызында Алматы облысында жүргізілген. "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қазақстан аумағында террористік актілер сериясын жоспарлаған радикалды топтың 4 мүшесін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Қазақстан және Қырғызстан азаматтары болып табылатын топқа қатысушы ұсталғандардан, олардың тұрған жерінде арнайы салынған құпия орыннан қолдан істелетін жарылғыш құрылғыларды дайындауға арналған құрауыштар, діни-экстремистік материалдар алынды", — делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында. 

Радикалдардың ҰҚК, полиция және әскери бөлімше қызметкерлеріне және олардың орналасқан орнына қарулы шабуыл жасау бойынша жоспары жүзеге аспады. Келесі кезеңде олар адамдар көп жиналатын жерлерде террористік актілер жасауды жоспарлаған. 


"Тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жалғастырылуда, олардың нәтижелері бойынша қосымша хабарланатын болады", — деді комитеттің баспасөз қызметіндегілер.
 

Соңғы жаңалықтар