Елордалық дәрігерлер онкологиялық аурулармен күресуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елордалық дәрігерлер онкологиялық аурулармен күресуге шақырды

Елордалық дәрігерлер онкологиялық аурулармен күресуге шақырды

Астанада қалалық онкологиялық орталықта Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларымен күрес күніне орай флешмоб өтті, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

  • 5 Ақпан 2016
  • 494
Фото - Caravan.kz


«Біздің қолымыздан келеді! Менің қолымнан келеді!» ұранымен ұйымдастырылған шараға онкодиспансердің дәрігерлері қатысты.
Шара барысында денсаулық сақтау мекемесінің қызметкерлері ақпараттық плакаттар арқылы аурудың белгілері мен оны диагностикалау әдістері туралы айтып берді.
Сонымен қатар, диспансердің мәжіліс залында Астана қаласындағы қазіргі жағдай талқыланды. Онкологиялық диспансердң бас дәрігері Мұхтар Төлеутаев баспасөз маслихатына қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Мекеме басшысы онкологиялық аурулар мәселесінің өзекті болуына орай аталмыш шараның маңызды екендігін атап өтті.
Мұхтар Төлеутаев, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері:
— Қазіргі кезде барша әлемде онкологиялық ауруларға шалдығу жағдайлары артып келеді. Бұған адамдардың орташа өмір сүру жасының ұлғаюы да септігін тигізді, қатерлі ісікке ересек адамдар жиі шалдығады.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 150 мыңнан астам адам онкологиялық есепте тұр. Жыл сайын обыр ауруына шалдығудың 34 мыңға жуық жағдайы анықталады.
Көбіне мұндай көрсеткіштер азаматтардың дәрігерлерге уақытылы қаралмауына байланысты тіркеледі. Онкологиялық орталықтың бас дәрігері мұндай жағдайларды болдырмау үшін азаматтарды скринингтік тексеруден өтуге шақырды.
Мұхтар Төлеутаев, Онкологиялық диспансердің бас дәрігері:
— Қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау жолдарының бірі — обыр ауруларын ерте анықтау бойынша скринингтік бағдарламалар. Скринингтен басқа, қандай да болмасын хронологиялық патологиясы бар кез келген адам жылына кем дегенде бір рет толық тексерілуден өтуі керек.
Баспасөз маслихатына қатысушылар онкологиялық ауруларға, онымен күрес және Қазақстанда қалыптасқан ахуалға қатысты сұрақтарын қойды.
Айта кетейік, Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі онкологиялық аурулармен күрес. 
Биыл 1-10 ақпан аралығында онкологиялық аурулардың алдын алу және оны ерте анықтау бойынша онкүндік өтеді.

Соңғы жаңалықтар