Ертең Астананың 94 мектебінде соңғы қоңырау соғылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертең Астананың 94 мектебінде соңғы қоңырау соғылады

Ертең Астананың 94 мектебінде соңғы қоңырау соғылады

25 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласының 94 жалпы білім беретін мектептерінде (83 мемлекеттік, 11 жеке меншік) «Соңғы қоңырауға» арналған салтанатты жиын өтеді.

  • 24 Мамыр 2016
  • 563
Фото - Caravan.kz

Биыл елордалық мектептерді 4 593 оқушы бітіреді, деп хабарлайды қалалық білім басқармасы.

Мектеп түлектерін ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев (ол № 75 мектеп-гимназиясында болады), Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев (№ 60 мектеп-лицейінде) құттықтайды.

Сонымен қатар құрметті қонақтардың қатарында «Нұр Отан» партиясының, қалалық мәслихаттың депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бар.

Салтанатты жиындар аяқталғаннан соң, сағат 13.00-де «Бәйтерек» монументінің алаңында Соңғы қоңырауды арналған концерттік би өтеді. Позитивті және креативті түлектер үшін интерактивті байқаулар, флешмоб, және тағы көптеген бағдарламалар ұйымдастырылады.

Соңғы қоңырау барлық оқушылар үшін елеулі мереке. Күні кеше ғана ата-аналар өз балаларын мектептің алғашқы қоңырауына жетектесе, бүгінде үлкен өмірге шығарып салмақ. 


Соңғы жаңалықтар