Есік қаласында әйел зорлады делінген үш күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Есік қаласында әйел зорлады делінген үш күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды

Есік қаласында әйел зорлады делінген үш күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды

[wpcode id="1694287"] Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Есік қаласында әйел зорлады деген күдікпен ұсталған үш азаматты қамауға

  • 24 Тамыз 2016
  • 607
Фото - Caravan.kz


Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Есік қаласында әйел зорлады деген күдікпен ұсталған үш азаматты қамауға алу туралы шешім шығарды, — деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Еңбекшіқазақ аудандық сотында Алматы облысы ІІД тергеу басқармасы тергеушісінің ҚР ҚК 125-бабы 2-бөлімі 1-тармағы бойынша (Топталып адам ұрлау) көрсетілген қылмысқа қатысы бар делінген үш азаматты қамауда ұстау туралы өтініщ хаты қаралды. Сот қаулысымен аталған азаматтарға екі ай мерзімде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы белгіленді», — делінген баспасөз хабарламасында. Бұған дейін Есік қаласында тұратын 30 жастағы келіншекті 22-29 жастағы төрт азаматтың зорлап кеткені туралы хабар тараған болатын. Оларға қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша айып тағылды. Күдіктілердің үшеуі қолға түсіп, біреуіне іздеу жарияланды.
 

Соңғы жаңалықтар