Ғаламторда Ди Каприо ұшыраған көлік оқиғасының видеосы пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғаламторда Ди Каприо ұшыраған көлік оқиғасының видеосы пайда болды

Ғаламторда Ди Каприо ұшыраған көлік оқиғасының видеосы пайда болды

Ғаламторда Ди Каприо мен оның сүйіктісі, модель Нина Агдалдың жол-көлік апатына ұшыраған видеосы пайда болды.

  • 23 Тамыз 2016
  • 1013
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Естеріңізде болса, кеше Ди Каприоның Нью-Йорктың Хэмптос ауданында көлік апатына ұшырағанын хабарлаған едік. Актер отырған Range Rover автокөлігіне Mini Cooper көлігі келіп соқтығысқан болатын.

Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ.


Куәгерлердің сөзінше, Лео алдымен өз сүйіктісінің аман-саулығына көз жеткізіп, артынша кінәлі автокөлік иесіне көмек қолын созған. Сондай-ақ, әлемге әйгілі актер сүйіктісін құшақтап жұбатқан екен.

Соңғы жаңалықтар