Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланғандардың бірі көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланғандардың бірі көз жұмды

Меркідегі мұнай базасындағы өрттен жараланғандардың бірі көз жұмды

Меркі ауданындағы мұнай базасында болған өрттен ауқымды күйік шалған үш жұмысшы Орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

  • 26 Қыркүйек 2016
  • 487
Фото - Caravan.kz

«Өрт кезінде зардап шеккен кәсіпорынның бас инженері Сергей Кимнің қаза тапқаны хабарланды. Өзге екі жұмысшының жағдайы әлі де ауыр, олар жан сақтау бөлімінде жасанды өкпе желдеткіш аппаратымен жатыр», — деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Толқын Өмірбаева.
Естеріңізге саламыз, 22 қыркүйек күні 18:30-да Меркі ауданының орталығы Мерке ауылында «Исабеков» ЖК мұнай базасы аумағында АИ-92 бензині құйылған 60 тонналық цистерна өртке оранды. Жалын 50 кубтық резервуар мен бос қоймаға тараған. Өрт 19:50-де сөндірілді, оған мұнай базасының өртке қарсы қызметі мен ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі» ММ 35 адам және 6 техника жұмылдырылды.

48, 47 және 40 жастағы
зардап шеккен үш жұмысшы
өте ауыр жағдайда Меркі орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оларға атмосфералық жарақат, барлық дененің 2,3,4 деңгейде термиялық күюі, күйіктік шок, тыныс жолдарының 2-3 деңгейде күюі және денелерінің 90-100 пайызға күюі диагноздарын қойды.

Тараз қаласынан №2 қалалық ауруханасының санитарлық авиация бригадасы жіберілді. Алайда, зардап шеккендердің ауыр жағдайы ескеріле отырып, оларды облыс орталығына тасымалдамай, қажетті процедураларды дәрілік заттар, қан препараттары, арнайы құрал-жабдықтары бар аудандық ауруханада жасауға шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар