Минск халқы Павел Шереметті ақтық сапарға шығарып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск халқы Павел Шереметті ақтық сапарға шығарып салды

Минск халқы Павел Шереметті ақтық сапарға шығарып салды

Минскіде Украина астанасында қаза тапқан журналист Павел Шереметпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр, деп жазады ТАСС.

  • 23 Шiлде 2016
  • 305
Фото - Caravan.kz


Шереметпен қоштасуға жергілікті журналистер, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және Минск тұрғындары келді. Сонымен қатар, украиналық журналистер мен УР Жоғарғы Рада депутаттары да қатысты.

Қоштасу рәсімі Астана уақытымен 17:00-ге дейін жалғасады. Содан кейін мәйіт Минск түбіндегі Солтүстік зиратқа, әкесінің жанына жерленеді.
20 шілде күні Киевте таң мезгілінде журналист Павел Шеремет өлтірілді. Ол мінген көлікке жарылғыш зат орнатылған. Полиция журналистің өліміне қатысты қасақана кісі өлтіру деген мәлімдеме жасады.

Шеремет 1971 жылы 28 қарашада Минск қаласында дүниеге келген. 1998 жылы ОРТ арнасындағы «Жаңалықтар» бағдарламасының арнайы тілшісі болып жұмыс істеді. 1999 жылдың қаңтар айында телеарнаның ақпараттық бағдарламалар дирекциясында ресейлік және шетелдік корреспонденттік желісінің шеф-редакторы атанды. «Время» апталық сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі болды. 2009 жылдан бері «Огонек» журналы саясат және қоғам бөлімінің редакторы болды. 

Кейінірек, Ресей қоғамдық телевизиясында жұмыс істеді. 2010 жылы Шереметтің Ресей азаматтығын алуына байланысты, Беларусь оны азаматтығынан айырды. Соңғы 5 жыл бойы Киевте тұрып келді. 2012 жылдан бастап, «Украинская правдамен» бірге жұмыс істей бастады. Ал 2015 жылдың қыркүйегінен бастап, «Радио Вестиде» авторлық бағдарламасын жүргізді.

Соңғы жаңалықтар