Моана ханшайым Disney-дің жаңа мультфильмінде қазақша сөйлейді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моана ханшайым Disney-дің жаңа мультфильмінде қазақша сөйлейді

Моана ханшайым Disney-дің жаңа мультфильмінде қазақша сөйлейді

Қазақстандықтар 24 қарашадан бастап "Моана" анимациялық фильмін қазақ тілінде көре алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілші

  • 27 Қыркүйек 2016
  • 1945
Фото - Caravan.kz

Қазақстандықтар 24 қарашадан бастап "Моана" анимациялық фильмін қазақ тілінде көре алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстандық кинопрокат тарихында тұңғыш рет "Болашақ" Ассоциациялық қорының көмегімен "Моана" анимациялық фильмі Disney студиясында мемлекеттік тілге дубляждалды.

Фильмнің сюжеті бойынша, қиял әлемде өмір сүретін 14 жастағы Моана өзінің ойындағы ертегі кейіпкері Мауиді іздеу үшін мұхиқа саяхаттайды. Бұл оқиға шамамен 2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдарында болады.

Айта кетейік, фильмді дубляждауға танымал әншілер мен актерлер тартылған. Олардың арасында Мақпал Исабекова, Бүркіт, Лидия Қаден мен басқа да әншілер мен актерлер бар. Ал дубляждың режиссері Рита Әбішева болса, музыкалық орындаушысы — Күнімгүл Борамбаева.

"Моана" фильмі Уолт Дисней студиясында түсірілген 56-мультфильм екен. Бұл мультфильмді түсіруде режиссерлер Рон Клементс пен Джон Маскер жұмыс істеген. Олар бұдан бұрын "Су перісі", "Аладдин", "Геркулес" пен "Ханша мен Бақа" мультфильмдерін де түсірген екен. Айта кетейік, ханша Моананың дауысын жас актриса Аулии Кравалхо салса, ханшаның анасы Николь Шерзингердың даусын салады.


 

Соңғы жаңалықтар