Моңғолиядағы қазақтарға көмек қажет - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Моңғолиядағы қазақтарға көмек қажет

Моңғолиядағы қазақтарға көмек қажет

 

  • 12 Шiлде 2016
  • 1120
Фото - Caravan.kz

Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында сел жүріп өткенін хабарлаған abai.kz содан зардап шеккен қазақтарға көмек қолын созу туралы үндеу жариялады. Онда былай делінген: 

"Моңғолияның Баян-Өлгий аймағын мекендеген қандастарымыз тілсіз жау – апатқа тап болды. Жаңбырдың мөлшерден көп жаууы салдарынан сел жүріп, қандастарымыз су тасқынан зор зардап шегіпті. Бейресми деректерге қарағанда, адам шығыны бар көрінеді. Үй, қора-жайды су басқан. Дүние-мүліктерін су алған. Жергілікті билік аулаларды басып қалған су сорып, ел-жұртқа көмектесіп жатыр. Моңғолия билігі де ағайынның басына түскен ауыртпалыққа қол ұшын созады деп үміттенеміз! Алайда, Баян-Өлгййде қоныс тепкен ағайын ата мекені – Қазақстандағы қалың қазақтың көмегіне, қолдауына зәру! Қандасқа қол ұшын созып, көмектесуде шекара болмайды! Тілсіз жаудан зардап шеккен ағайынға көмектесу, бар қазақты бір қазақ деп білетін әр азаматтың ел алдындағы азаматтық борышы деп білеміз әрі елі бөлек, еншісі бөлек деп адамшылыққа шет іс жасамай, қолдан келгенше алыстағы бауырларға көмек қолын созады деп ойлаймыз!

Баян-Өлгий аймағындағы қазақтарға көмек беруде Қазақстан Үкіметі де қарап қалмауы тиіс! Жер бетіндегі қазақтардың жалғыз Отаны – Қазақстан! Ал, шетелдегі әр қазақ баласы қиын-қыстау кезде Қазақстан билігінің қамқорлығын сезінуі тиіс! Сондықтан, біздің Үкімет Моңғолиядағы қандастарымызға арнайы көмек ұйымдастыруы шарт! Бұл – елдіктің, әсіресе, Үкімет өзі көп айтатын бірліктің көрініс табатын тұсы! Ал, Үкіметтік және қоғамдық көмекті ұйымдастыруда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйытқы болса, құба-құп. Себебі, бұл ұйымның төрағасы ҚР Президенті Н.Назарбаев екенін ескерсек, Елбасының атынан қандастарға жылу жинап, соны ұйымдастырып, жеткізіп беру, қауымдастықтың міндеті.


Дүниенің қай қиырында жүрсе де қазақ баласын қандасым деп білетін әр азамат Баян Өлгейдегі елге көмектесуден шет қалмайды деп білеміз!"

Жылу жинау үшін ашылған есеп-шотты білгісі келетін азаматтар біздің медиа-порталдың (kaz.caravan.kz) телефонына хабарласса болады:

8 (727) 258-36-89 (қабылдау бөлмесі). Ішкі нөмірлер: 1024, 1025, 1026.

Немесе Аятжан Ахметжанға хабарласу керек.