Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
"Билікті табыстау Қазақстан конституциясында жазылған. Барлығы заң негізінде болады. Балаларымды президенттікке мұрагер ретінде қарастырмаймын. Бұл бізге сай емес" деді Назарбаев өз сұхбатында.
Бұған қоса ол 2020 жылға дейін жұмыс істеуге күш қуаны мен энергиясы жететінін де айтты.
23 қараша Астанада парламенттің біріккен жиынында депутаттар Назарбаевтың Қазақстанды дамытуға қосқан үлесін конституцияда көрсетуді, Астана қаласының атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды ұсынған.
76 жастағы Назарбаев Қазақстанды 1991 жылдан бері басқарып келеді. 2010 жылы қабылданған "ұлт көшбасшысы" заңына сай Қазақстанның бірінші президенті қызметінен кеткеннен кейін қызмет еткен жылдарда жасаған әкімшілік және қылмыстық істері үшін ұсталмайды, қамалмайды, мүлкі тәркіленбейді және жауапқа тартылмайды.