Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Қазақ атауларына қарсы шыққан Петропавл тұрғыны сотталып жатыр

Еліміздің солтүстігінде "Қазақстанның қалалары мен көше атауларын қазақшаға өзгертетін болса референдум өткіземіз" деп бастама көтерген азамат сотталып жатыр. Қазақ атауларына қарсы шыққан 37 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Ұлтаралық және дінаралық араздық тудыртып, сепаратистік бастамалар көтергені үшін енді ол заң алдында жауап беретін болады.

  • 17 Қыркүйек 2016
  • 26797
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Сотта айтылғандай 37 жастағы Игорь Чуприн 2014 және 2015 жылдары өзінің "Bконтакте" әлеуметтік парақшасында халық арасындағы алауыздықты тудыратын жазбаларды үнемі үздіксіз жариялап отырған. Әсіресе, Петропавлдағы ауылдар мен көше атауларының қазақ тіліне өзгеруіне қарсы болып, "Вконтакте" парақшасында өзіне жақтастар іздеген. Аталмыш жазбалар көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған.

— Менің "Ояныңдар, референдум" дегені қатты жаныма батты. Мен бұны өзіме ұлттық қауіп ретінде қабылдадым, деді куәгерлердің бірі Данияр Әбжікеев.