Қазақстанда 5 000-нан аса ұрланған ұялы телефон бұғатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 5 000-нан аса ұрланған ұялы телефон бұғатталды

Қазақстанда 5 000-нан аса ұрланған ұялы телефон бұғатталды

Қазақстанда жыл басынан бері ұялы байланыс операторлары 5 мыңнан аса ұрланған телефонды бұғаттады, - деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 655
Фото - Caravan.kz

"Ағымдағы жылы ұялы телефондарды ұрлауға қарсы іс-әрекет ретінде ІІМ Криминалды полиция департаменті ұялы байланыс операторларымен ұрланған қалта телефондарды бұғаттау туралы меморандумға қол қойды. Ұялы байланыс компаниясына ұялы телефондарды бұғаттау туралы 7 мыңнан аса қаулы жіберіліп, 5 мыңнан аса телефон бұғатталды. Бұл шараны уақытында қолдану осындай қылмыстың алдына алудың бір тәсілі болып келеді", — дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Өзгенің мүлкін ұрлау қылмыстарының 20 пайызын ұялы телефондарды ұрлау құрайды. Бірінші кезекте бұл ұялы телефондардың көптеп таралуы және оларға деген сұраныс жоғарлығы мен сату оңайлығымен байланысты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, ұялы телефон ұрланған жағдайда азаматтарға бірден қылмыс жасалған орын бойынша ішкі істер органдарына немесе жақын арадағы полиция бөлімшесіне арыздану қажет.

"Телефонды бейтаныс адамдардан, ломбардтан, базарлардан, басқа да телефон сатумен арнайы айналыспайтын орындардан сатып алуға мүлде болмайды. Өйткені телефон ұрланған болып шығуы мүмкін, ал оны ерте ме, кеш пе полиция анықтап, иесіне қайтарады", — деп атап өтті ҚР ІІМ-ден.


Еске салайық, жақында ұрланған телефонды сатып алған ер адам сотталған. Сот шешімімен құны 10 мың теңге тұратын телефонды қайтарумен бірге, ер адамды мемлекет пайдасына 106 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Соңғы жаңалықтар