Қостанайлық «көбелек қыз» Үкіметтен көмек сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық «көбелек қыз» Үкіметтен көмек сұрады

Қостанайлық «көбелек қыз» Үкіметтен көмек сұрады

Қостанайлық «көбелек қыз» көмекке мұқтаж. Тек ата-анасы бұл жолы көпшіліктен емес, мемлекеттен қол ұшын созуды сұрады. «Буллезді эпидермолиз» деп аталатын қатерлі ауруға шалдыққан Александраның ем-домы тым қымбат. Былтыр ғана қостанайлықтар бүлдіршіннің шетелде емделуі мен дәрілеріне қаржы жинап берген екен. Онысы таусылған. «Көбелек синдромына» шалдыққан баланы енді Денсаулық сақтау министрлігі тікелей қамқорлығына алса дейді қамкөңіл ана.

  • 30 Шiлде 2015
  • 408
Фото - Caravan.kz

1 жыл бұрын Сашаның денесінде сау тамтық жоқ еді. Қыздың қолы, аяғы тіпті, арқасы жарадан көрінбейтін. Германиядан ем алып келген соң беті бері қарапты. Бірақ, «көбелек синдромына» шалдыққан қыздың терісі тым нәзік. Қолдың ұшы тисе болды, сыпырылып түседі.

Евгения Игнатенко, Александраның анасы:

-Аурудың кесірінен қызымның ішкі ағзасы да зақымданған. Өңеші мен тамағына тарап жатыр.Жараға жиналған іріңді күнде тесіп, таңып отырамын. Әйтпесе, бүкіл денеге жайылып кетуі мүмкін.

Сашаның ем-домына қажетті дәрі-дәрмектің бағасы да тым қымбат. Бір препараттың өзі 15-20 мың теңге. Мұны ата-анасының қалтасы көтермейді. Жұрттан көмек сұраудан да шаршадық дейді Евгения. Сондықтан ендігі көмекті мемлекеттен күтіп отыр.

Евгения Игнатенко, Александраның анасы:

Бюджеттен дәрі-дәрмекке қаржы бөлінсе екен. Бізге ақшаның қажеті жоқ. Текдәрі берсе. Ең болмаса 2-3 айға жететіндей етіп алып берсе екен.

Қостанайлықтар да кішкентай Сашаға көмек ретінде қайырымдылық шараларын жиі өткізіп тұрады. Жақында ғана олар130 мың теңге жинап берген. Тек бұл ақша науқастың 1 айлық еміне ғана жетеді.

Қазір бала кезекті операцияға дайындалып жатыр. Ресейлік дәрігерлер біріккен саусақтарының арасын ашпақшы. Ал Денсаулық сақтау басқармасындағылар тегін дәрі тек министрліктен келген тізім бойынша таратылады дейді. Бұл үшін «буллезді эпидермолиз» қауіпті араулар тізіміне алынуы тиіс екен. Сондықтан, шенеуніктер көмекті қайырымдылық қорларынан сұраңдар деп қайтарған.

Соңғы жаңалықтар