Қырғыз Президенті ауруханадан апта соңында шығуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғыз Президенті ауруханадан апта соңында шығуы мүмкін

Қырғыз Президенті ауруханадан апта соңында шығуы мүмкін

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев апта соңында ауруханадан шығуы мүмкін.

  • 28 Қыркүйек 2016
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «РИА Жаңалықтары» қырғыз басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазіргі уақытта жүрек аритмиясымен байланысты түйіткіл толығымен жойылды. Дәрігерлер Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайы анағұрлым жақсарғанын атап өтті. Олардың ұйғарымы бойынша, президенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, оны осы аптаның соңында шығаруы мүмкін», — делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінен нақтылап өткендей, 2008 жылы болған улану оқиғасынан кейін президентке Түркияда ота жасалған. Дәрігерлер осы сырқатқа байланысты да медициналық алдын алу шараларын өткізді.


Еске салайық, БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-сессиясына қатысу үшін Бішкектен Нью-Йоркқа ұшып шыққан Атамбаев, өзін нашар сезініп, АҚШ-қа сапарын тоқтатуға мәжбүр болды. 

Соңғы жаңалықтар