Қытайдағы қазақтар Қазақстанға жете алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдағы қазақтар Қазақстанға жете алмай отыр

Қытайдағы қазақтар Қазақстанға жете алмай отыр

 

  • 3 Тамыз 2016
  • 431
Фото - Caravan.kz

Қытайдағы Қазақ елшілігінің алдында бірнеше айдан бері ұзын-сонар кезек қалыптасқан. Бұл туралы Аятжан Ахметжан әлеуметтік желіде жазды деп, хабарлады Caravan.kz тілшісі.

Желі қолданушысының айтуынша, Қытайдан елімізге көшіп келуге, балаларын оқуға түсіруге немесе оқуын жалғастыру үшін алуы тиіс виза мəселесі екі айдан бері өте өзекті болып тұрған көрінеді.

«Нөмер кезегі алдағы 2016 жылдың желтоқсан айына кетіп қалған. Ал, баланы мектепке үлгерту керек, сол үшін елшілік жағалаған адамдар саны көп. Тіпті елшіліктің алдына қонып жатқан қандастар жетерлік!»,-деп жалғастырыпты А.Ахметжан.

Мәліметтерге қарағанда, осындай қолайлы сәтті алыпсатарлар бас пайдалары үшін пайдаланып қалуда. Аятжан Ахметжанның жазуынша, 2500 теңгеге ашылатын визаны делдалдар 150 000 теңгеге дейін бағалап, ақша жасап əуре.

Қытайдағы қандастарымыздың мәселесін жеткізген желі қолданушысы, 6-30 жас арасындағы кез келген білім үшін келетін оқушылар мен жастарға жазғы уақытта кезексіз виза беру мəселесін қарастыру керек, деген ой тастайды.


«Қазақ жастары еліміз үшін өте үлкен күш. Жан саны мəселесінде өте үлкен мүмкіндік! Қолдан келгенше келем деген қазақ баласын елімізге тарту керек. Əйтпесе, ол жақтағы қазақты қытайландыру саясаты өте қарқынды жүріп жатыр», деп аяқтапты А.Ахметжан.