Бұл туралы сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған орай, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық жер инспекциясы мемлекеттік мекемесінің хаттамалары Қызылорда облыстық сот актілерін орындау департаментінің №2 аумақтық сот орындаушылар бөліміне орындау үшін түсіп, ол бойынша борышкер «Акорд-Окан» ЖШҚ-на салынған 8 316 000 теңге әкімшілік айыппұлдарды мемлекет пайдасына өз еркімен төлеу ескертілген болатын. Алайда, борышкер «Аккорд Окан» ЖШҚ мемлекет пайдасына төленуі тиіс айыппұлды белгіленген уақыттан 1 ай мерзім кешіктіре отырып төлеген.
Осыдан кейін Қызылорда аумақтық №2 сот орындаушылар бөлімінің сот орындаушылары тарапынан «Аккорд Окан» ЖШҚ-на ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 124-бабын басшылыққа ала отырып, мемлекет пайдасына өндірілген 8 316 000 теңгенің он пайызы 831 600 теңгені республикалық бюджет пайдасына ерікті түрде төлеу туралы хабарлама жолданды.
Өз еркімен атқарушылық санкция төлемегеннен кейін сот орындаушысымен мәжбүрлеп өндіру туралы үстіміздегі жылғы 18 маусымда қаулы қабылданған. Қаулымен борышкер «Аккорд Окан» ЖШҚ таныстырылды.
Осының нәтижесінде 27 маусымда «Аккорд Окан» ЖШҚ №2 аумақтық сот орындаушылар бөліміне өз қолымен атқарушылық санкцияны толық төленгені туралы төлем түбіртегін әкеліп тапсырған.