Руслан Күлекбаев: Полицейлер Алланың қалауымен қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Руслан Күлекбаев: Полицейлер Алланың қалауымен қаза тапты

Руслан Күлекбаев: Полицейлер Алланың қалауымен қаза тапты

Алматыдағы терактіде Күлекбаев Мещеряковтың ісіне қатысты қылмыстық істі мойындаған жоқ. Қалған істің барлығын Алланың жолында істедім деп жауап берді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

  • 24 Қазан 2016
  • 786
Фото - Caravan.kz


«Оларды өлтіруімнің себебі, олар Алла жолына қарсы. Қаншама мұсылман бауырларды қинап жатыр, Алла жолынан тайдырып жатыр. Жезөкшелерді клиенттерге тасып жүрген таксиске (жәбірленуші Ибрагимов — ҚазАқпарат) мен рамазан айына дейін ескерттім. Зина жасамаңдар деп ескертіп кеттім. Олар оны жалғастыра берді. Мені өмір бойы бас бостандығымнан айырса да, өкінбеймін. Сондықтан мен қазір ештеңеден де қорықпаймын, Әсембекұлы, Лю, Әбдімомын, Сапарбековтерге қатысты Мещеряков дегенді тонады дегенді мен мойындамаймын. Маған қалай күн көрдің деген, соған жауап бере салдым. Полицейлер Алланың қалауымен қаза тапты», — деді Күлекбаев басты сот отырысында.

«Киа Рио» көлігінің ішінде жөзекшелер бар еді, оны алып кеткенімді мойындаймын. Мен Аят қонақ үйіне түнде бардым. Таксисті өлтіргім келді, ол бірақ қашып кетті. Көліктің  артында екі қыз отырды. Оларға Аллаһтың заңынан қорқыңдар деп айттым, сосын сабақ болсын деп бір қызды атып тастадым. Өйткені, Алланың заңы ойыншық емес. Көлікпен қалаға шықтым. Қаланы білмегендіктен бір қызды алып алдым, жол көрсетіп отыр дедім. Ол кешірім сұрады, мен Аллаһтан сұрады дедім. Таңғы жуық көлікті көпірдің астына қалдырып, Алмалы сот жағына барып намазымды оқып алдым. Сосын мен прокурорлар мен соттарды күттім. Өйткені олар Алланың заңымен емес, өздері шығарып алған заңмен соттайды», — деді Руслан Күлекбаев.

Соңғы жаңалықтар