Сәбина Алтынбекованың балауыз мүсіні сатылымға шықты (фото) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәбина Алтынбекованың балауыз мүсіні сатылымға шықты (фото)

Сәбина Алтынбекованың балауыз мүсіні сатылымға шықты (фото)

Сұлу волейболшы Сәбина Алтынбекованың фанаттары енді оның дәлме-дәл көшірмесін қолға түсіре алады.

  • 26 Тамыз 2016
  • 1142
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Экспресс К басылымына сілтеме жасап stan.kz хабарлайды.

Сұлулығымен тәнті еткен волейболшының балауыз мүсіні сатылымға шығарылды. Сәбинаның көшірмесіне (ұзындығы – 182 см, аяғының үзындығы – 124 см) eBay.com интернет-порталы арқылы қол жеткізуге болады. Көшірмемен бірге волейбол добы да, тіпті өзіне тән күлкісі де бар.

8c10511a0cbfc39ca53c2ebe886a515d


Мүсіннің құны – 17 мың доллар. Бұл сатылымға шығарылып отырған балауыз мүсіндердің арасында бағасы жағынан көш бастап тұрғанын айта кету керек. Футболшы Криштиану Роналду мен актер Хью джекманның мүсіндерінің өзі 16,5 мың доллардан бағаланған. Скарлетт Йохансон үшін де осы сома сұралып тұр.

Ал “Арнольд Шварценеггерді” алғысы келгендер 15,3 мың доллар төлеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар