Сербия Қазақстан Президентін салтанатпен қарсы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сербия Қазақстан Президентін салтанатпен қарсы алды

Сербия Қазақстан Президентін салтанатпен қарсы алды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Сербияға сапары басталды.  Сербия сарайы ғимаратына келген Елбасын сербиялық әріптесі Томислав Николич қарсы алып, зеңбіректен 10 дүркін оқ атылды. Осыдан кейін екі елдің мемлекеттік әнұраны ойналып, мәртебелі мейманның құрметіне сап түзеген қарауыл бастығы баянат жасады.

  • 24 Тамыз 2016
  • 374
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Президентін қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін екі елдің Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездеу залына өтті. Қазіргі уақытта кездесу басталып кетті, одан кейін кеңейтілген құрамдағы   келіссөздер жүргізіледі. Қорытындысында бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланған.

Мұнан бөлек, Елбасының Сербия Премьер-Министрі  Александр Вучичпен және Серб патриархы Иринеймен кездесуі, сонымен қатар Белград орталығындағы шағын алаңдардың бірінде Сербия Президенті Томислав Николичпен бірге Жамбыл Жабаевтың мүсінін ашуы күтілуде.


Соңғы жаңалықтар