Шереметьево әуежайы ТМД елдерінің тәуелсіздігіне қауіп төндіріп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шереметьево әуежайы ТМД елдерінің тәуелсіздігіне қауіп төндіріп тұр

Шереметьево әуежайы ТМД елдерінің тәуелсіздігіне қауіп төндіріп тұр

Мәскеудің Шереметьево әуежайының әр бұрышында ашықтан ашық Жириновскийдің партиясының қазақ мемлекетінің һәм ТМД елдерінің біртұтастығын

  • 24 Тамыз 2016
  • 709
Фото - Caravan.kz

Мәскеудің Шереметьево әуежайының әр бұрышында ашықтан ашық Жириновскийдің партиясының қазақ мемлекетінің һәм ТМД елдерінің біртұтастығына қауіп төндіретін жарнамалық ролигі ойнап тұрғанын жазады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Abai.kz-ға сілтеме жасап.

ЛДПР партиясының жарнамалық ролигінің соңы "Ресейге бұрынғы әлеуетін қайтарамыз" деген сөзбен түйінделіп, КСРО-ға оралу керектігін меңзеп тұр,

Бұл барып тұрған — арандату. Өзге тәуелсіз мемлекеттердің тұтастығына қауіп төндіріп, бүкіл Ресей жұртшылығын жаулыққа шақыру. Жириновский КСРО-дан тәуелсіздігін алып, жеке мемлекетке айналған елдердің мемлекеттілігін жоққа шығару арқылы неге қол жеткізбек?

Әрине, Жириновскийдің бұл ролигін сандыраққа балап, жылы жауып қоя салуға болар еді. Бірақ, осы сандырақты Шереметьево әуежайы жарнамалап, өткен-кеткен жолаушының санасына улы идеяны сіңіріп жатыр. Бұған біздің һәм ТМД елдерінің Сыртқы істер министрі үн қату керек деп ойлаймыз.


Соңғы жаңалықтар