Сырдария өзені арнасынан асып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сырдария өзені арнасынан асып кетті

Сырдария өзені арнасынан асып кетті

Күннің күрт жылынуы салдарынан Сырдария өзені арнасынан асты.

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 571
Фото - Caravan.kz


Кеше кешкілік Жалағаш ауданында тасыған су дария бойындағы бөгетті бұзып кетті. Енді өзен етегіндегі Ақсу елді мекені қауіпті аймақта қалып отыр. Өңірдегі ахуал жайында осы облыстағы тілшіміз Нұрлан Жақыпбеков телефонмен хабарлайды.

Төтеншеліктер шұғыл көмекке ұмтылды. Зардап шеккендер жоқ. Көп ұзамай бөгеттің жырылған тұсы қалпына келтірілді. Дегенмен бірер минут бұрын Жалағаштың Далдабай ауылының тұсынан тағы да 800 метр бөгеттің бұзылып, су жайылғаны анықталды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жүзге жуық төтеншеліктер жұмылдырылды. Мамандардың айтуынша, өзендегі су деңгейі әлі де жоғары. Шардара су қоймасынан Сырдарияға 600 текше метр су түсіп жатыр. Қазір дария бойындағы 33 қауіпті аймақ анықталып, барлығы да бақылауға алынды.

 

Соңғы жаңалықтар