Таразда полицейді қару кезеніп ұстау сәті түсірілген бейнежазба туралы ІІД түсініктеме берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда полицейді қару кезеніп ұстау сәті түсірілген бейнежазба туралы ІІД түсініктеме берді

Таразда полицейді қару кезеніп ұстау сәті түсірілген бейнежазба туралы ІІД түсініктеме берді

Жамбыл облыстық ІІД Тараздағы бірін-бірі қуып, қару кезенген полицейлер туралы түсініктеме берді.

Әлеуметтік желіде жарияланған "Таразда полицейлер бірін-бірі атып өлтіре жаздады" деген бейнежазба антитеррорлық оқу-жаттығудың бір бөлігі еді деп хабарлайды Жамбыл облысы ІІД Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметінің берген түсініктемесі бойынша, бұл бейнежазба 2 желтоқсанда Тараз қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу кезінде түсірілген.

Облыстық ІІД мәліметіне сүйенсек, осы жаттығулар кезінде полицейлер қаруланған қылмыскерлерді ұстау әдістерін жаттықтырыпты. Полицияның айтуынша, халық арасында түсініспеушілік немесе үрей тумас үшін оқу-жаттығулардың өткізілетіні туралы ақпарат БАҚ мен әлеуметтік желілерде таратылған.

 

  • 6 Желтоқсан 2016
  • 1570
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар