Тасмағамбетовтің үлкен қызы қалай өмір сүруде? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тасмағамбетовтің үлкен қызы қалай өмір сүруде?

Тасмағамбетовтің үлкен қызы қалай өмір сүруде?

Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің қызы – Әсел қазір Алматыда Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының жаңа ғимаратын салдырып жатыр.

  • 5 Қазан 2016
  • 24033
Фото - Caravan.kz

Caravan.kz медиа-порталы еліміз вице-премьерінің үлкен қызының қалай өмір сүріп жатқанын анықтап көрді. Әсел Тасмағамбетова туралы бір нәрсе білу оңай болмай шықты. Әлеуметтік желілерде оның ашық аккаунттары немесе Қазнетке шығып кеткен атышулы фотосуреттері жоқ. Әсел жұртқа ашық адам емес екен. Журналистермен сөйлеспейді, жеке өмірі туралы сұхбат бермейді. 

Әсел Тасмағамбетова Иманғали Тасмағамбетов пен Клара Бекқұлованың отбасында 1979 жылы туылған. Ол – Софья және Нұрсұлтан Тасмағамбетовтердің әпкесі. Әсел заңгер мамандығын оқыған.

Софья Тасмағамбетова

                                               Софья Тасмағамбетова

Күйеуі – еліміздегі белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев. Ол – венчуралық инвестор. SAT & Company және Net Element холдингтерінің директорлар кеңесін басқаратын Рақышев — Genesis Angels халықаралық венчуралық қорының негізін қалаушылардың бірі.

Асель Тасмагамбетова и Кенес Ракишев

                                   Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова   

Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетованың екі ұлы бар: Дінмұхаммед (2000 ж.т.) және Нұриддин (2005 ж.т.).

Қазір Әсел белсенді түрде қайырымдылықпен, дарынды балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау бағдарламасын дамытумен айналысуда.

Асель Тасмагамбетова награждает победителей конкурса

             Әсел Тасмағамбетова "Өз бизнесіңді жаса" байқауының жеңімпаздарын марапаттауда

Ол – «Сәби» жекеменшік қайырымдылық қорының президенті. Биыл бұл қордың құрылғанына 14 жыл болады.

Социально-культурная акция «Nomad’s Way»

                                                     Nomad’s Way әлеуметтік-мәдени акциясы

Сондай-ақ, Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты да Әселге тиесілі. Бұл институт 2012 жылы ашылған. Мұнда биотехнология, ихтиология, генетика, селекция және география салалары бойынша зерттеу мен түрлі жұмыстар жүргізіледі. Институтта 6 департамент, 5 зертхана және 7 басқарма бар. Оған арнап енді жаңа ғимарат салынып жатыр.  

Эскиз нового ЦАИЭИ

                                                             Жаңа ОАЭЗИ-дің нобайы

Әсел Тасмағамбетова – 2008 жылы ашылған Telli Kazakhstan био-бутигінің де иесі. Бұл – еліміздегі жалғыз «органикалық» бренд.  Telli-дің кафесі, косметологиялық бөлмесі, дәріханасы және үстіге себетін, боянатын заттар сату жөніндегі бөлімі бар. Сондай-ақ, оның Астана мен Алматыда бөлімшелері ашылған.  

Telli Kazakhstan в Алматы

                                                            Алматыдағы Telli Kazakhstan

«Радиоточка» Әсел Тасмағамбетованың Veless компаниясының жарғылық капиталында үлесі бар екені туралы жазған еді. Бұл компания «НефтьГазМаш» кәсіпорнының қосалқы иесі. Аталған кәсіпорын Қарағанды облысында «Балқашцветмет» өндірістік бірлестігі кен байыту фабрикасындағы мыс және ілеспе заттарды барлау ісін қадағалайды.  

Әсел Тасмағамбетова 2013 жылы ҚР президенті әкімшілігі мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған.

Табыскер бизнес-вуменді өнер жұлдыздары мен танымал адамдар қатысатын түрлі шаралардан да көруге болады.

На открытие бутика Louis Vuitton в Алматы (Тасмагамбетова - в центре)

                            Алматыдаға Louis Vuitton бутигінің ашылу рәсімі (Тасмағамбетова ортада)

Асель Тасмагамбетова и Батырхан Шукенов

                                                  Әсел Тасмағамбетова мен Батырхан Шүкенов

Асель Тасмагамбетова и Сигурни Уивер

                                                Әсел Тасмағамбетова мен Сигурни Уивер

Соңғы жаңалықтар