Үкімет отырысы: Білім министрі өз баяндамасын толығымен қазақ тілінде жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет отырысы: Білім министрі өз баяндамасын толығымен қазақ тілінде жасады

Үкімет отырысы: Білім министрі өз баяндамасын толығымен қазақ тілінде жасады

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылы министрі Ерлан Сағадиев апаттық жағдайда тұрған мектептер мәселесі бойынша баяндама жаса

  • 27 Қыркүйек 2016
  • 582
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылы министрі Ерлан Сағадиев апаттық жағдайда тұрған мектептер мәселесі бойынша баяндама жасап, бүгінгі урбанизацияға, яғни xалықтың қалаға көшуіне байланысты жаңа мектептерді көптеп салу қажеттігін жеткізді.

Айта кетер жәйт, оған дейін баяндама жасаған министрлер өз баяндамаларын мемлекеттік тілде бастап, көп ұзамай, орыс тіліне көшіп отырды. Ал Сағадиев мырза өз сөзін толығымен мемлекеттік тілде жеткізді, деп xабарлайды Baq.kz.

Министрдің айтуынша, бүгінде республика бойынша 156 апаттық мектеп бар. Аталған мәселені 2018 жылдың аяғында толығымен шешу көзделген.

"Ондай мектептердің басым бөлігі Алматы мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында орналасқан. Енді, өткен жылы 6 мектеп салынса, биыл 51 мектеп салынып отыр. Келесі жылы 99 мектеп салынып ашылады. Жыл сайын оқушылардың саны артып отыр. Сондай-ақ урбанизация мәселелері бар. Сондықтан қалалардағы мектептерді көптеп салу керек деп есептейміз", — дейді Е.Сағадиев.

Бүгінде білім және ғылым министрлігі мектептердің тапшылығына қатысты арнайы картаны әзірлеп қойды. Оған сәйкес, 2018 жылдан бастап кемінде 50 мектепті жыл сайын салу қажет болады.


"Биыл қосымша 14 мектептің құрылысына бюджет қаржысын бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Сонымен, биыл 68 нысанды бітіріп, 14 жаңа мектептің құрылысын бастау қажет. Бүгінде үш облыста 8 нысанды салу мерзімі кешіктіріліп жатыр. Атырау қаласындағы "Нұрсая", Бірлік ауылындағы балабақша, Мақат аудандық Досор орта мектебі. Шығыс Қазақстан облысы бойынша үш нысан: Риддер қаласындағы Мичурин балабақшасы, Тарбағатай ауданы Жетіарал мектебі және Тарбағатай ауданы Ақжар мектебі. Астана қаласы бойынша екі нысан. Олар — 17 мектеп-гимназиясы мен 22 мектептің қосымша құрылысы. Осыған байланысты, аталған нысандарды уақытында аяқтап, пайдалануға беру туралы тапсырманы беруді сұраймын", — деп атап көрсетті білім және ғылымминистрі.

Соңғы жаңалықтар