Василий Левит: Тищенкомен реванш жекпе-жекке шығуға дайынмын - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Василий Левит: Тищенкомен реванш жекпе-жекке шығуға дайынмын

Василий Левит: Тищенкомен реванш жекпе-жекке шығуға дайынмын

Рио олимпиадасының күміс жүлдегері боксшы Василий Левит ресейлік олимпиада чемпионы Евгений Тищенкомен реваншқа дайын екенін айтты.

  • 25 Тамыз 2016
  • 749
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл ретте ол өзі де және Тищенко да кәсіпқой боксқа ауыспағандықтан, жекпе-жек өткізуге бәрібір әлі ерте екенін айтты. Боксшы әуесқойда қалатынын немесе кәсіпқойға ауысатынын әлі шешпегенін де айтып өтті.

“Әрине жеңілген кезде жағымсыз сезім бойыңды билейді. Ұтылып тұрып қуанған бірде бір адамды көрмедім. Осы ретте федерация президенті Тимур Құлыбаев мырзаға рахмет айтамын. Мені қолдап, бәрібір чемпион деп қабылдаған адамдарға да алғыс зор”, – дейді Левит.

Ол Токио туралы әлі ойланбағанын, алдымен жақсылап демалып алып, тағдырын қай жаққа қарай бағыттауды шешетінін жеткізді. Ал Тищенкомен мүмкіндік туындаса жұдырықтасуға қарсы еместігін де айтты.

“Әрине, ондай мүмкіндік туындаса неге жұдырықтаспасқа? Мен бокс жасауға әрқашан дайынмын. Бұл мен үшін қиындық емес, керісінше рингке шығу мен үшін үлкен қуаныш”, – деді ол.

“Қаншама адам болғандықтан әрқилы пікір, әртүрлі көзқарас. Адами тұрғыдан мен оны түсінемін. Кім алтын медалін бере салғысы келеді. Олимпиадаға барғандардың барлығы жеңімпаз атанғысы келеді. Берген күнде де мен оны қабылдамас едім. Екі медаль маған не үшін қажет”, – деп атап өтті олимпиада жүлдегері.


18 тамыз күні ресейлік промоутер Андрей Рябинский әуесқой бокс ережесіне сай қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенко арасында қарымта жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған болатын.

Еске сала кетсек, Василий Левит Рио олимпиадасының күміс жүлдегері атанған еді. Ол финалда ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, қазылар шешімімен 3:0 есебімен жеңілген. Левиттің жекпе-жек бойына басым болып, қарсыласының соққының астына ала тұра жеңілуіжанкүйерлер мен спорт мамандарының ашуын тудырған.

AIBA ережесі бойынша, ел федерациясы жекпе-жек нәтижесіне қатысты шағым түсіре алмайды. Кейінірек аталмыш кездесуге қазылық жасағантөрешілердің спорттық шаралардан шеттетілгені мәлім болды.

Алайда Левитті барша жанкүйерлер мен спорт функционерлері қызу қолдап, оған “алтын” алған спортшыға тағайындалған сыйақының да берілетіні белгілі болды. Ал қазақстандық әзілкештер болса, аталмыш жекпе-жекке қатысты қалжың ролик түсіріп, желіде ресейлік боксшыны әжуалады.

Соңғы жаңалықтар