Танзаниялық футболшы матч кезінде қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Танзаниялық футболшы матч кезінде қайтыс болды

Танзаниялық футболшы матч кезінде қайтыс болды

19 жастағы танзаниялық Исмаил Мришо матч кезінде жүрек ұстамасынан қайтыс болды, деп жазады Mirror.

  • 7 Желтоқсан 2016
  • 717
Фото - Caravan.kz

«Мбао» командасы ел біріншілігінің аясында сырт алаңда «Мвадуи» командасына қарсы ойнаған. Мришо гол соққанан соң бірнеше минуттардан кейін жерге құлап, дәрігерлердің көмегіне жүгінуіне тура келген. Өкінішке орай, жедел жәрдем көлігінде қажетті құралдар болмай, ойыншының жүрегіне жасанды массаж жасалынған. Дегенмен, дәрігерлер Исмаилдың өміріне араша түсе алмады. Футболшы емханаға жеткен кезде қайтыс болған.


Соңғы жаңалықтар